Өскеменге Татарстаннан дәрігерлер келді
ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің шақыртуымен Татарстан Республикасының 12 дәрігері коронавирустық инфекцияны емдеуде медициналық көмек және кеңестер беру үшін кеше Өскеменге келді.
Осылайша шығысқазақстандық дәрігерлерге анестезиолог-реаниматолог, рентгенолог, пульмонолог, жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары көмекке келді. Дәрігерлер тобын Татарстан Республикалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің бірінші орынбасары Миннулин Марсель Мансурович басқарады.
- Біз үшін бұл сапар екі елдің дәрігерлері арасында тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар көмегіміз де. Коронавирус - бұл дұрыс басқаруды қажет ететін кезеңді ауру. Вирустың «сатылы сипаты» болғандықтан, науқастың жағдайының нашарлау кезеңдері бар. Ең бастысы - осы күндері дұрыс әрекеттет етіп, қажетті дәрі-дәрмекті беру және оларды құрылғыға дұрыс қосу. Бұл оң нәтиже бермек, - деді Минуллин.
Естеріңізге сала кетейік, Татарстаннан мамандарды тарту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен келіссөздер жүргізді.