13 шілде аза тұту күні болып жарияланады
13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланады. Бұл туралы республикалық елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын, - деді мемлекет басшысы.
Ол дәл осындай қысылтаяң шақта ешкімді қиыншылықта қалдырмай, әрбір азаматтың денсаулығы мен өмірі үшін күресетінімізді баса айтты.