KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Президент халықтың арыз-шағымына жауап берілмей жатқанын айтты

29.06.2020, 13:49 212

Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің кең таралуына байланысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, «coronavirus2020.kz» сайтына қырық мыңға жуық сұрақ келіп түскен. Оның үштен біріне ғана жауап берілген екен.

- Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда. Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек. Телеарналардан, тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, сұрақтарына жауап алатын күнделікті бағдарламаларды ұйымдастыруға неге болмайды? Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек. Дәрі-дәрмектер, оны пайдалану жөнінде түсініктеме беру қажет, – деді Президент.

Бүгін коронавирус инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету шаралары бойынша жиын өтті. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға екі күн ішінде Қазақстанда қатаң карантин енгізу туралы ұсыныс жасауды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу