KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Әлемде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 142 557 адам тіркелді

17.06.2020, 06:02 127

16 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны рекордты көрсеткішке жетті. Бір тәулікте індет 142 557 адамнан анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Worldometers.info сайтына сілтеме жасап.

Науқастар, әсіресе, Бразилияда көп тіркелген. Мұнда бір тәулік ішінде коронавирустың 37 мың жағдайы анықталып отыр. Ұқсас көрсеткіш 12 маусымда тіркелген болатын – 142 113 адам.

Өлім-жітім көрсеткіші де 16 маусым күні жоғары болған. Кеше бұл індеттен 6 592 адам көз жұмды. 15 маусыммен салыстырғанда екі есе көп – 3415 адам. Өлім-жітім жағдайлары бойынша Үндістан көш бастап тұр – 2006 адам вирустан көз жұмды. Екінші орында - Бразилия (1 338), үшінші орында - АҚШ (849).

Қазіргі таңда әлемде вирус жұқтырғандарың саны 8,2 млн адамға жетті. Оның ішінлде 2,2 млн адам - АҚШ-та. Көз жұмғандардың жалпы саны – 445 мың, жазылып шыққандар – 4,3 млн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив