KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Автобустар мен трамвайлар демалыс күндері жүрмейді - Өскемен

25.06.2020, 17:05 158

Өскемендегі коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатындағы іс-шаралар қоғамдық көліктің де жүріп-тұруына әсер етпек.

Өскемен қаласы бас санитариялық дәрігердің бүгінгі қаулысына сәйкес жұмыс күндері қоғамдық көлік саны 50%-ға дейін қысқартылып, ал демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмысы мүлде тоқтатылады.

Айта кетейік, Өскемен қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар 27 маусым сағат 00.00-ден 11 шілде 00.00-ге дейін жалғасады. Бұл уақытта көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы жұп және тақ күндеріне байланысты рұқсат қағазбен ғана жүре алады. Ақ және жасыл рұқсат қағаздарын жоғалтып алған тұрғындар мекенжай бойынша Жергілікті өзін өзі басқару комитеті мен Пәтер иелері кооперативіне барып ала алады. Ал көлікке арнайы рұқсат қағаздарын тағы бір мәрте алу үшін әкімдікке барудың қажеті жоқ (жоғалған жағдайда), көлікке байланысты ақпарат бірыңғай базада тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив