KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Рұқсат қағаздарын жоғалтып алғандар қайтпек? – Жақсылық Омар жауап берді

26.06.2020, 09:39 142

27 маусым мен 11 шілде аралығында облыс орталығы - Өскемен қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен рұқсаттама жүйесі қайтадан енгізілді. Егер рұқсат қағазы болмаса, қала ішінде жүріп-тұру шектеледі.  Жасыл түсті рұқсат қағазымен жұп күндері, ақ түсті рұқсат қағазымен тақ күндері жүру керек. Ал карантин біткеннен кейін қуана-қуана ол қағаздарды лақтырып тастағандарға енді қайтпек керек?

«Біз бұған дейін тұрғындарға жүріп-тұру билеттерін тарату бойынша жұмыс істедік», - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Арман Ысқақов 26 маусымда өткен баспасөз конференциясында. - Негізінде, олар қазір де бар. Қазіргі бұл жұмысты ПИК арқылы аумақтық басқарудың он бір орталығы (бұрынғы Жергілікті өзін өзі басқару комитеті) жүргізуде.

Шектеулерді енгізіп жатқанда билік халықта ол рұқсат қағаздар сақталған деп ойласа керек. Алайда ПИК те, аумақтық басқару да бұл жұмысты жүргізбейтін болып шықты. Дегенмен Өскемен әкімі Жақсылық Омар бұны дүрбелең тудыратындай мәселе емес дейді.

"Рұқсат қағаздары барлар, сонымен жүре берсін, ал жоқтарға бұл айтарлықтай мәселе емес. Тұрғындар үй нөмірін полиция қызметкеріне айтса, жеткілікті. Ал жұмысшыларға жеке куәлік пен жұмыс туралы анықтама ұсынса, болды. Үй жануарларын серуендетіп жүргендерді тоқтатпайды. Егер біз ПИК арқылы тағы тарататын болсақ, тағы жаппай дүрбелеңге ұласып, адам қарасын көбейтіп алуымыз мүмкін. Ал полиция ешкімді ол үшін жазаламайды. Азаматтардың түсінігіне байланысты және тұрғындар өз денсаулығы үшін көбірек ойлана бастайды деп сенеміз", - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив