KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Алтайда қоғамдық көліктер тоқтайды

17.04.2020, 06:14 225

ШҚО-ның Алтай қаласында 23 сәуірде қоғамдық көліктер тоқтайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

15 сәуірден бастап қалада шектеу шаралары енгізілген болатын. Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін қалада барлық балабақшалар жұмысын тоқтатты. Қала әкімшілігі қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты мәселені қарастырып, олардың қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдап отыр.

20 сәуірде № 4, 5, 7, 40 бағытта рейске бір автобустан ғана шығады. Рейстердің ара қашықтығы 35-50 минут болмақ. №2 бағыттағы автобус сағат 5.30-дан 9.00-ге дейінгі және сағат 15.30-дан 21.00-ге дейінгі аралықта жүреді. 23 сәуірден бастап барлық қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады.

Қазір Алтайда рұқсат қағаздарын тарату бойынша жұмыстар жүріп жатыр. 15 сәуірден бері 13 мың адам рұқсат қағазын алған екен. Алдағы күндері тағы 2700 адамға беріледі.

Сондай-ақ, қала ішінде зейнеткерлер мен мүгедектерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу бойынша қызмет ұйымдастырылды. Тапсырысты +7-72335-7-91-47 +7-72335-7-91-64 +7-777-152-26-34 телефон номерлері арқылы жасауға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив