KZ
Өскемен
-30°
туман жел 1 м/с, СШ
511.18 530.6 5.28

Өскеменде той тойлап, ас беруге тыйым салынды

25.06.2020, 17:01 218

Өскемен қаласы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің #2 қаулысындағы "Өскемен қаласы әкіміне" деген тарауында спорттық, отбасылық және еске алуға байланысты (банкет, үйлену тойы, мерейтой, жаназа және т.б) жаппай адам жиналатын шараларды тіпті, үйде де өткізу тыйым салу туралы жазылған.

- Иә, той тойлауға, ас беруге тыйым салынады. Қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері де ауруды жұқтырып алатын негізгі орын - тойлар екенін айтты. Тойларға байланысты шектеу шаралары Төтенше жағдай жарияланғалы бері жалғасып келе жатыр. Тек соны сақтауымыз керек, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Арман Мұқтарқанұлы.

Қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Михаил Дерябиннің айтуынша, Өскемендегі Күленов кенті, Халықтар достығы көшесіндегі мейрамханалардың бірінде өткен тойдан соң 16 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікке ілініп, провизорлық стационарларға жатқызылған. Кейін оның 9-ының нәтижесі расталыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу