KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

Коронавирус: Жаңа жылдық кештерді өткізуге тыйым салынады

25.12.2020, 17:18 314

Шектеу шаралары Қазақстанда 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін күшейтілді.


 Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық кештер мен мерекелік корпоративті кештерді өткізуге тыйым салынып отыр.

Сонымен қатар,  қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелер мен кеңселерде ұйымдастырылған ұжымдарда, көпшілік  ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, бейбіт жиналыстар, көрмелер, форумдар, конференциялар, жаңа жылдық іс-шаралар (корпоративтерді); жаппай отбасылық, салтанатты, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) іс-шаралары, оның ішінде үйде; көпшілік жиналатын орындарда (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (концерт залдары, клубтар) жаңа жылдық театрландырылған көпшілік қойылымдар, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтері, шоу-бағдарламалар, концерттер және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол бермеу бойынша шектеу шаралары сақталады. 

Бүгінгі күні Өскемен қаласы коронавирустық инфекцияның жиілігі бойынша «сары» аймақта. Облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес барлық талаптарды орындауды сұраймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу