Сәтпаев даңғылына "70" қойылды - Өскемен
Сәтпаев даңғылымен жүрсеңіз жылдамдықты сағатына 70 шақырымға дейін арттыруға болады, бұл туралы бүгін қалалық Полиция басқармасынан Сергей Коваленко айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Жол жөндеу жұмыстарының толық аяқталуына байланысты Жібек жолының қиылысынан бастап, Байбатшин көшесінің қиылысына дейін жылдамдықты 70 ке дейін ұлғайттық, деді Сергей Коваленко.
Жаңа жол белгісі кеше қойылған.