13 жастағы қыз суға кетті – Глубокое
Бірнеше жасөспірім үлкендердің қарауынсыз Глубокое ауылындағы котлованда суға түсіп жүрген. Сол маңда жүрген Заманбек Бақдаулет, Абугалиев Ералы және Жамалбеков Әнуар есімді балалар екі қыздың суға батып бара жатқанын көріп қалады.
- Ұлдардың біреуі қыздарды құтқаруға кеткенде, басқалары «103-ке», полиция мен құтқарушыларға қоңырау шалды. 12 жастағы қызды бірден судан алып шықса, екінші қызды суға сүңгіп, әрен тауып, алып шықты. Жағалауға алып шыққанда, жасөспірім қыз ес-түсін жоғалтқан, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар бойынша департамент баспасөз қызметі.
2007 жылы туған қызды ауруханаға бірден жеткізді, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.