Глубокое ауданындағы рейд: тұрғындар талаптарды сақтамай отыр
Рейд барысында Глубокое аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлері бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қаулысының талаптарын сақтамау фактілерін анықталды.
Басқарма мамандары өңірдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, дүкен, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер мен басқа да нысандарға келушілер медициналық маска киіп, кемінде 1 метр қашықтықты ұстауы керектігін әр барған нысанға айтып, ескертіп отыр.
- Кәсіпкерлік нысандар мен мемлекеттік органдар қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (маска, қолғаппен) қамтамасыз етуі керек, қолды залалсыздандыру үшін кіре берісте санитайзерлер (антисептиктер) орнатып, дезинфекциялық, жуғыш және антисептиктермен қамтамасыз етілуі керек. Сондай-ақ, әр 2-3 сағат сайын, бөлмені мезгіл-мезгіл желдетіп отыру керек. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік стандарттарын сақтау сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын қамтамасыз етеді және сақтайды, - деп кеңес береді аудандық санитарлық дәрігерлер.
Глубокое ауданындағы базарлар мен сауда үйлерінде жүргізілген рейд барысында санитарлық дәрігерлер сатушылар мен сатып алушыларға корнавирустың алдын алу туралы ақпарат жазылған парақшалар таратты.