Карантин: Өскеменде қоғамдық бақылау күшейді
Өскеменде қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармасының мамандары сауда нысандарында белгіленген санитарлық нормалардың сақталуын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Рейд нәтижесінде барлық сатушылар мен сатып алушылар тарапынан маска режимін сақтамау, ал кәсіпкерлік нысандардың иелері тарапынан белгіленген барлық санитарлық талаптардың бұзылуы жағдайлары анықталмады.
- Бүгінгі мониторингтің негізгі мақсаты-коронавирустық инфекцияны болдырмау, сондай-ақ сауда объектілерінің иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау коронавирустық инфекцияның алдын алуға көмектеседі. Біз мұндай рейдтерді үнемі өткізіп отырамыз,-деп атап өтті тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Тауанова.
.jpg)