KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

COVID-19: Семейдегі сауда орындарында рейд жүріп жатыр

12.10.2020, 10:02 257

Семейде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында кәсіпкерлік нысандарды арнайы топ өкілдері аралап, рейд жүргізе бастады.

Мониторинг тобы кәсіпкерлер мен жалпы халық ішінде тексеру жұмыстарын жүргізеді. Маска мен әлеуметтік қашықтық тәртібі мен санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалайды.

Рейд аясында мамандар халық көп жиналатын нысандарды тексеріп, бірқатар ереже бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда көбінде кездесетін талапбұзушылықтардың санатына медициналық масканың тағылмауын атап өтуге болады. Сатушылар да, келушілер де маска режимін сақтай бермейді.

«Жабық нысандарда адамдар маска киіп, қолғап киіп жүруі керек. Қазақстанда коронавирусты жұқтырушылар әлі де тіркеліп жатқандықтан халыққа ескерту жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпкерлік нысандарында міндетті түрде антисептиктер мен дезинфекциялық кілемшелер болуы керек», - деп хабарлады ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Гүлбаршын Байғозина. Рейд барысында халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив