Коронавирус: ШҚО-ның бес ауданында науқас тіркелді
Шығыс Қазақстан облысының бес бірдей ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар тіркелді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шығыс өңірінде өткен тәулікте 31 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 15 адам – Семей қаласынан, 6 адам – Өскемен қаласынан, 3 адам – Зайсан ауданынан, Глубокое, Ұлан, Аягөз аудандарынан 2 адамнан және 1 адам – Күршім ауданынан.
«Жеті науқас бұған дейін КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан сынама тапсырған. 24 науқас өз өтінішімен тексеруден өткен.⠀Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Олармен байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ауру ошақтарына дезинфекция жүргізілуде», - деп мәлімдеді ШҚО әкімдігі. .
⠀
Қазіргі уақытта облыста коронавирусты жұқтырған 460 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 165.