KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-дағы 17 науқас. Барлығы Семей тұрғыны

30.05.2020, 08:54 164

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 адам анықталды. Науқастардың барлығы Семей қаласының тұрғыны, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

"Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ПТР әдісі бойынша зертханалық талдаулар 12 адамнан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған тұлғалар ретінде тексеруден өткен. Ал 2 науқастан стационарға жоспарлы жатқызылу кезіндегі тексеруде, қалған 3 жағдай ЖРВИ және пневмония ауру белгілерімен түскен науқастарға мониторинг жасау барысында анықталды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Осы уақытқа облыста коронавирусты жұқтырған 114 адам тіркелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу