Өскеменде коронавирус жұқтырған 19 адам тіркелді
ШҚО-да коронавирустың тағы 34 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның ішінде 11 науқас Семей қаласында, 19 науқас – Өскемен қаласында, 4 науқас – Тарбағатай ауданында тіркелді.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 3 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 31 науқастан мониторинг жүргізу кезінде алынды.⠀
Қазіргі уақытта науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Облыс аумағында коронавирус жұқтырғандардың саны 429 адамға жетті.