Темір жол күзетшісі 5 млн теңге ұрлаған - ШҚО
33 жастағы ер адам металлургиялық компанияға тиесілі 75 мөшек бағалы металлды өзі иемденіп алмақ болған.
Риддер қаласындағы станцияның күзетшісі "Казцинк" ЖШС-на тиесілі бағалы металл тиелген жүкті ұрлау үшін бір топ адаммен келісім жасасқан.
Ол құрамында 3251 келі 455 грамм бағалы металы бар 75 мөшек қалқымалы концентратты ұрлап кеткен. Құны – 4 млн 927 мың теңге.
Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыскерді ізін суытпай ұстады. Облыстық сот оны кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды.
Оқи отырыңыз