Семейде жарты қап шұжық ұрлаған ер адам қолға түсті
Семейде 44 жастағы ер адам жарты мөшек шұжық ұрлап ұсталды, деп хабарайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 19 шілде күні сағат 13:40 шамасында «Восход» дүкенінің маңында болған. «Газель» автокөлігінен жарты мөшек шұжықты ұрлап кеткен 44 жастағы ер адам бұрын да істі болған екен. Шұжықтардың жалпы құны 35 000 теңге. Жедел іздестіру шаралары барысында қолға түскен ұрлықшы өз кінәсін мойындаған.
- Қазіргі уақытта аталған факті негізінде ҚР ҚК 188 бабының 3-ші бөлім 2 пункті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, – дейді, ШҚО Полиция басқармасының баспасөз қызметі мамандары.