KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Шемонаиха полицейлері қоян ұрлаған адамды "ізін суытпай" ұстады

29.09.2020, 04:07 109

Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің «102» жедел каналына 56 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, үйдің ауласындағы қорасынан белгісіз тұлға үш қоянын ұрлап кеткенін жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша келген шығын көлемі 4500 теңгені құраған.

– Тәртіп сақшылары ұрыны «ізін суытпай» анықтады. Тергеу барысында 18 жастағы бұрын сотталмаған қаскүнем көршісінің қорасына есікті бұзып кіріп, үш қоянды ұрлағаны анықталды. Ұры қайтар жолда «олжасын» жоғалтып алғандықтан, жәбірленушіге қояндарын кері қайтара алмады, – деді Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің бастығы Қанат Синиязов.

Көрсетілген факті бойынша ҚР ҚК 187-бабы, 1 бөлігі бойынша («Ұсақ ұрлық») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу