KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

ШҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

16.06.2020, 04:56 147

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Семей аумағында Шар қаласынан 15 шақырым қашықтықта болған. Тасжолдың қарсы жолағына шығып кеткен «Mazda» жүргізушісі «Toyota» маркалы көлікпен соқтығысқан.

- «Mazda» автокөлігінің жүргізушісі мен 65 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қайтыс болды.  «Toyota» жүргізушісі мен ондағы 4 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-ның 345 бабы 4 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив