Өскеменде қарулы қарақшы дүкен тонады (видео)
Өскемендегі дүкендердің біріне қарулы қарақшы шабуыл жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға 13 маусым күні сағат 18:20 шамасында Гагарин бульварының бойындағы дүкендердің бірінде болған.
Дүкенге шолақ мылтыққа ұқсас қарумен келген ер адам сатушыға күш көрсетіп, кассадығ ақшаны қолды еткен.
Бұл оқиға бойынша жедел тергеу амалдары жүргізіліп, 37 жастағы облыс тұрғыны құрықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.