KZ
Өскемен
-8°
пасмурно Штиль
518.14 537.57 5.27

Сатушыға ойыншық тапанша кезеп, арақ талап еткен – Өскемен

14.01.2020, 10:28 185

Өскемен тұрғыны сатушыны ойыншық тапаншамен қорқытып, арақ талап еткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға сағат 15.30 шамасында болған. Медициналық маска киген жігіт дүкенге баса-көктеп кіріп, сатушыға ойыншық тапанша кезеп, бір бөтелке арақ беруін талап еткен. Осы сәтте сатушы қыз тонаушының бетіне бұрыш баллонын бүркіп жібереді. «Қарулы қылмыскер» дүкеннен шығып, кете барған.

– Күдікке ілінген 25 жастағы азаматты қолға түсірдік. Қарудың ойыншық тапанша екені анықталды. Айыпталушы бұған дейін сотты болған, – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 191 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
   
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу