KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОШ
511.26 597.61 6.32

Даниал Ахметов кәсіпкерлермен бірге санитарлық дәрігердің ұсынысын талқылады

14.06.2020, 07:12 91

Өкінішке орай, соңғы 10 күн ішінде біздің облыста коронавирус инфекциясын жұқтыру қарқыны айтарлықтай артып отыр. Ең қиын жағдай Семей қаласында. Мұнда тұрғындардың вирусты жаппай жұқтыру деңгейі күн санап көбеюде. Барлық 234 жағдайдың 162-сі Семейде тіркелген.

Облыс әкімінің айтуынша, бұл көрсеткіш жауапты органдардың өз ісіне салғырт қарауы, бақылаудың жоқтығы, сондай-ақ, тұрғындардың тәртіпті сақтамауынан туып отыр. Қарапайым ережелердің өзін өрескел бұзып отыр. Осыған орай облыстың бас санитарлық дәрігері шектеу шараларын күшейтуді ұсынды. Сондықтан, бизнесмендердің бастамашыл тобымен бірге санитарлық дәрігердің ұсынысын талқылады.

- Мені кәсіпкерлердің бастамашылдығы мен ашықтығы ерекше қуантты. Олар коронавирустың жаппай өршуіне байланысты қалада қалыптасқан барлық жағдайды жақсы түсініп отыр. Сындарлы пікірлерін ортаға салып, бірге қарастырдық. Кездесу қорытындысы бойынша бизнес қоғамдастықпен бірлескен ортақ шешім қабылданды. Сонымен қатар, бүгіннен бастап кәсіпкерлердің ұсынысымен Семейде мониторингтік топ құрылды. Олар енді санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалу барысын бақылауға өздері алады. Қазір біздің алдымызда тұрған басты міндет - азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау екенін естен шығармайық, - дейді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу