KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

ШҚО-да COVID-19 жұқтырғандардың ең көп саны Өскемен, Семей, Риддер, Алтай және Глубокое аудандарында тіркелді

20.11.2020, 14:32 124

Ірі кәсіпорындарда, білім беру мекемелерінде инфекцияның жаппай таралуы орын алған жоқ. Вирустың қарқынды түрде таралуына адамдадың көпшілік орындарға баруы себеп болып отыр.
Бұл туралы ОКҚ брифингінде облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Сондықтан, аймақта бүгінде қатаң шектеу шаралары енгізілген. Мәселен, коронавирус пандемиясының барлық кезеңінде "Қазмырыш" ЖШС-да барлығы 104 адам жұқтырған. Бұл кәсіпорындар мен басқа да мекемелердің барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуын қатаң қадағалайтынының дәлелі. Аймақ басшысының айтуынша, вирустың жаппай таралуына негізгі себеп - азаматтардың жеке тәртіпсіздігі болып отыр. Шын мәнінде, осыған ұқсас жағдай Ресей мен Еуропаның көптеген елдерінде орын алуда.

- Сондықтан, біз өңірге кіріп-шығуды шектедік, - деп атап өтті Даниал Ахметов. - Сонымен қатар, инфекция жұқтырғандардың саны көбейіп отырған қалалар мен аудандарда блок-бекеттер орнатылды. Біз тамақтану орындарының, адамдар көп жиналатын орындардың жұмысын шектедік, өйткені байланыстардың көпшілігі сол жерде болады.

Бүгінгі таңда ШҚО әлі де болса "Қызыл аймақта". Дегенмен, егер өңір тұрғындары санитарлық нормаларға мұқият қарап, барлық қажетті сақтық шараларын сақтайтын болса, біз коронавирустық инфекцияның одан әрі өршуіне кедергі бола аламыз» - деп түйіндеді өңір басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив