KZ
Өскемен
+3°
плотный туман жел 2 м/с, ОШ
521.53 601.01 6.43

Семейде заңсыз тауар сатқандар ұсталды

11.10.2019, 04:12 230

Семей қаласында заңсыз ішімдік және темекі сатқандар ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қаладағы мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері заңсыз тауарларды саудалаған дүкеннің Шугаев көшесінде орналасқанын анықтады. Дүкеннен 1 180 қорап темекі өнімі мен 70 пластикалық бөтелкеге бөліп құйылған 350 литр ішімдік табылды. Басқарма қызметкерлерінің айтуынша, тауарлардың бір бөлігінде  Қырғыз Республикасының акциздік таңбалары болған.

 – Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыптыларға әкімшілік шара қолданылады, – деп мәлімдеді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу