KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да мемлекеттік сатып алуда туындаған мәселелерді арнайы комиссия қарайды

3.06.2020, 03:46 149

ШҚО әкімі Даниал Ахметов мемлекеттік сатып алуға қатысты шағым айтқан кәсіпкерлерлер мәселесінің түйінін шешпекке әкімдікке жинады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұған дейін ШҚО-дағы бірқатар кәсіпкерлер шенеуніктердің қыспағынан көз ашпай келетінін айтып, Кәсіпкерлер палатасында бас қосқаны жайлы жазған едік.

Тараптардың - кәсіпкерлер мен құзырлы органдар, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық кеңес мүшелеріне көкейдегілерін айтып, мән-жайды талқыға салу үшін арнайы алаң берілді.

- Бұл жерде "ДСУ-14" " Топаз" ЖШС директорлары, БАҚ өкілдері мен басқарма басшылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысып отыр. Мемлекеттік сатып алу процесін бақылайтын арнайы комиссия, жұмыс тобы құрылды. Барлығы объективті әрі ашық болады. Заңды негізге ала отырып бақыланып, қорытындыланады, - деді Даниал Ахметов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу