Глубокое ауданында 46 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр

Глубокое ауданы әкімінің орынбасары, әкім аппаратының этика бойынша уәкілі, «Шығыс адалдық алаңы» жобасының үйлестірушісі Елена Старенкова бөлім басшылары және олардың есепшілерімен жобаларды жүзеге асыруға қарастырылған қаражатты игеру кезінде бюджеттік заңнаманы сақтау мәселесі жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ағымдағы жылы Глубокое ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының аясында 46 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 15 жоба білім беру саласына, 10 жоба – мәдениет саласына, 1 жоба - құрылыс, тағы 1 жоба - спорт саласына қатысты. 12 жоба елді мекендерді абаттандыруға, 6 жоба – жолдарды жөндеуге, 1 жоба – туризмду дамытуға бағытталған.