Семей тұрғыны екі аптадан бері табылмай жатыр
Екі апта бұрын жоғалып кеткен Семей тұрғыны әлі табылмады. Іздеу жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Әлкен Жұматаев 11 мамырдың түнінде үйден шығып кеткен. Содан бері хабар-ощар жоқ. Оның туысқандары мен LIDER.kz еріктілер тобы үздіксіз іздестіруде. Бұған дейін де хабарлағанымызда. Бұған дейін де хабарлағанымыздай, волонтерлер ақпарат таратып, іздеуге атсалысатын жастар жетіспей жатқанын айтқан. Көмек қолын созамын деген жандар болса, 8-747-349-57-17 арқылы координатор Евгениймен байланысқа шығуы керек.
Ал Әлкен Жұматаевтың ерекше белгілері: бойы 170 сантиметр. Сол жақ қолында қылыш пен жылан бейнесінде тату бар. Үйден шыққанда көк джинсы шалбар, көгілдір түсті футболка, қара түсті спорттық күрте және қара аяқ киім киіп шыққан. Көрген-білген жандардың хабар беруін өтінеміз: 8 (7222) 56-97-17 немесе 102