KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
516.93 542.52 4.98

"Аягөздегі орталықты Өскеменге көшіруді қарастыру қажет" - министр

22.05.2020, 09:54 142

Аягөздегі әлеуметтік көмек орталығын Өскеменге көшіру мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұл туралы бүгін онлайн форматында өткен ведомствоаралық комиссия отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек орталығында 4 баланың өліміне қатысты жайт қаралған отырыс барысында министрі мұндай проблема еліміздің басқа да дәл осындай мекемелерінде байқалатындығын жеткізді. Сонымен қатар министр отырыста айтылған барлық ұсыныстар тағы қаралып, орындалуы үшін хаттамға енгізілетіндігін атап өтті.

«Ведомствоаралық комиссия атынан Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне мекемені облыс орталығына көшіру нұсқаларын қарастыруды тапсырамын. Ол ірі қаладан 400 шақырым шалғайда болған кезде балалардың денсаулығы үшін үлкен тәуекелдер орын алады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қызметін де жандандыру қажет. Мұнан бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық сектордың өкілдерін тарта отырып, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, балалар мен қарттар үйлерінің ғимараттарына кешенді тексеру жүргізу қажет деп есептейміз. Сондай-ақ қоғамдық бақылау институтын дамытуға жалғастыру керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

 

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу