Бір күнде 9 адам жұқтырса, карантинге қайта жабамыз – ШҚО бас санитары
Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері қандай жағдайда шектеу шараларының қайта күшейетінін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетіліп жатыр. Бірақ 1 маусымда қайта қараймыз. Егер коронавирус бойынша өсім 7%-ға жетсе, яғни күніне 9-10 адам инфекция жұқтыратын жағдай туындаса, қатаң карантин режимін қайта енгізуге мәжбүр боламыз, – дейді ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Марат Исмаилов.
Сондықтан босаңсуға әлі ерте, санитарлық норманы қатаң сақтау керек дейді маман.
Оқи отырыңыз