Қандай мекемелер мен нысандар жұмысын бастай алмайды?
23 мамырдан бастап ШҚО аумағында ірі және көпшілік жиналатын нысандардан бөлек басқа мекемелердің барлығы жұмысына қайта кіріседі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің №10-шы Қаулысында айтылған.
Қаулыға сәйкес, карантин 1 маусымға дейін сақталады. Дегенмен, көптеген мекемелер жұмысын бастай алады.
Ашылуға әлі ерте деп табылған мекемелер мен нысандар:
- Азық-түліктік емес тауар сататын көтерме-бөлшек және бөлшек сауда нысандары, ірі сауда нысандары мен кешендері, сауда-ойын-сауық орталықтары, аумағы 2000 ш.м.-ден асатын сауда үйлері;
- Өскемендегі отбасылық демалыс орталықтары;
- Ғимараттың ішіндегі әмбебап және азық-түліктік емес базарлар;
- Кинотеатрлар, кинозалдар мен театрлар;
- Қоғамдық моншалар, сауналар;
- Ғимараттың ішінде орналасқан, сыйымдылығы 30 адамнан көп қоғамдық тамақтану орындары;
- Спорттық-сауықтыру нысандары, бассейндер (оқу-жаттығу процесстеріне арналғандардан бөлек);
- Түнгі клубтар, би кештері, бар, караоке, кальян шегетін орындар;
- Мәдениет нысандары (жеке және 30 адамнан аспайтын топпен репетиция жасауға рұқсат етіледі);
- Білім беру орталықтары, үйірмелері, артклубтар.