KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 3 м/с, Ю
523.2 594.3 6.38

Кинотеатрлар мен сауда орындары әлі ашылмайды

12.05.2020, 17:03 182

ШҚО-да кинотеатрлар мен сауда орындары жуық арада ашылмайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай режимі алынған еді. Дегенмен, ШҚО-да карантин режимі 1 маусымға дейін ұзартылып отыр.

Осыған байланысты бірқатар нысандар әлі де жұмысын бастай алмайды.

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ойын-сауық, спорттық жіне басқа да көпшілік қатынасатын шаралар өткізуге, сауда орындарының, кинотеатрлар мен театрлардың, көрмелердің және халық көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысына, діни нысандардың жұмысына тыйым салынады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу