KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
520.02 608.79 6.57

Сауда орталықтары мен мейрамханалар ашылмайды

11.05.2020, 20:52 1 067

Қазақстанда сауда орталықтары, мейрамханалар мен қонақүйлер әлі ашылмайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ел аумағында 11 мамырда ресми түрде төтенше жағдай режимі аяқталған болатын. Алайда карантин режимі сақталғандықтан, сауда-ойын-сауйық орталықтары, мейрамханалар мен қонақүйлер әзірге жұмыстарын бастай алмайды.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тұғжанов мәлім етті.

-  Аумағы 2 мың ш.м. болатын азық-түліктік емес дүкендер, сұлулық салондары, балалардың даму орталықтары жұмысын бастайды. Саябақтарда серуендеуге рұқсат етіледі. Алайда саябақтардағы ойын-сауық қызметтеріне қатысты шектеулер алынған жоқ, - деді Ералы Тұғжанов онлайн баспасөз конференциясының барысында.

Сауда орталықтары, мейрамханалар мен қонақүйлердің ашылуы аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу