Өскеменде 18 мамырдан бастап қандай мекемелер жұмысын бастайды?
ШҚО-ның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 18 мамырдан бастап карантин кезінде жабылған бірқатар мекемелер қайта ашылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жұмысын бастайтын мекемелер сағат 17.00-ге дейін және алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді екен.
Атап айтқанда, 18 мамырда:
-компьютер, тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар сату мен жөндеу бойынша салондар;
-құрылыс материалдарын бөлшек сату бойынша сауда орындары;
-химиялық тазалау, кір жуу қызметтерін көрсететін мекемелер;
-түсті және қара металл қабылдайтын пункттер;
-ашық алаңдардағы спорттық нысандар (адамдар арасында 2 метр ара қашықтық сақталу керек);
-автосалондар;
-ломбардтар;
-қоғамдық тамақтану орындары (мейрамханалар, дәмханалар, банкеттік залдар, асханалар, донерлер мен барлар) тапсырыс бойынша жеткізу арқылы жұмыс істейді.
Ары қарай жұмыс режиміне көшу үшін қосымша қаулы шығарылады.