KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

Фототұзақ: Тянь-Шань қоңыр аюы «Тарбағатай» қорығында

20.05.2020, 11:07 136

Саны өте аз, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген Тянь-Шань қоңыр аюы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жүргені фототүзаққа ілінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл аю Тянь-Шань мен Памир, Гималай тауларында таралған. Қазақстанда Жоңғар Алатауында, Тоқсандай жотасында, Қояндытауда, Алтынемелде, Қайқанда және Тянь-Шань жотасында – Кетпен, Теріскей, Күнгей, Іле, Қырғыз және Талас Алатауларында, Өгем жотасында, Қоржынтауда кездеседі.

Негізінен шөптесін өсімдіктермен, сирек жәндіктермен, майда сүтқоректілермен қоректенеді, кейде өлекселерді де жейді. Қонжықтары үшін қасқырлар мен барыстар өте қауіпті. Саны жылдан-жылға азаюда. Тарбағатай тауларында негізінен жабайы алмалар көп. Соның иісіне, алманың өзіне көп келеді, - деп хабарлайды «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

Тянь-Шань қоңыр аюының аталығы (матай) аналығынан (кірекей) ірі болады. Аталығының дене ұзындығы 2,55 м, бойының биіктігі 1,35 м, салмағы 600 кг-дай.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив