KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
512.81 604.19 6.57

"Екі қап рауғаш". Полицейлер сирек кездесетін өсімдік жинаған азаматты ұстады - ШҚО

2.07.2020, 05:54 2 050

Ұлан ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері сирек кездесетін Алтай рауғаш өсімдігінің екі қабын алып бара жатқан жергілікті тұрғынды ұстады.
Сұрап-тергеу барысында ұсталған азамат Қызыл кітапқа енген рауғаш түрін Сібе көлдерінің маңында орналасқан таулардан жинағаны анықталды.

- Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер түрлерімен заңсыз айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ұлан ауданының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Сағат Мәдиев.

Алтай рауғашы негізінен Алтай, Тарбағатай және Сауыр тауларында кездеседі. Жемісі – домалақ, қара түсті жаңғақ, тағамдық әрі дәрілік өсімдік. Таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу