KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

Соңғы қоңырау кезінде қандай қауіпсіздік шаралары сақталуға тиіс?

19.05.2020, 11:00 372

Қазақстанда төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты мектептерде соңғы қоңырау өтетіні туралы айтылған еді. Алайда түлектер мен ата-аналарға бірқатар талаптар қойылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Бұл туралы білім және ғылым вице-министр Шолпан Қаринова мәлім етті.

Аттестат табыстау рәсіміне мектеп бітірушілермен ата-аналардың келуіне рұқсат беріліп отыр. Бірақ ата-аналардың бөлек басқа қонақтар кіргізілмейді екен.

Соңғы қоңырауға да, аттестат табыстауға да түлектер маска тағып келуге тиіс. Сондай-ақ, екі метр ара қашықтықты сақтау қажет.

Аталмыш іс-шаралар 3-4 маусымға жоспарланған. Барлық мектептерде іс-шаралар аулада, яғни таза ауада ұйымдастырылады. Сынып жетекшілері 20 минуттық сынып сағатын өткізді. Міндетті түрде 1,5-2 метр ара қашықтық сақталуға тиіс. Мектепке келушілердің барлығы маска тағады.

Мектептерде салтанатты шара өткізуге, мерекелік дастархан, отырыстар ұйымдастыруға, автокөлікпен экскурсия жасауға, мейрамхана, дәмхана, ойын-сауық мекемелеріне баруға тыйым салынады.

Бұл ретте тағы айта кететін жайт, мектеп бітірушілерден бөлек 1-10 сынып оқушыларына  соңғы қоңырауды онлайн режимде өткізіледі. Сынып жетекшілері қашықтықтан сынып сағатын ұйымдастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу