Биыл мектептерде соңғы қоңырау қалай өтеді?

Оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау рәсімі дәстүрлі форматта өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Қазақстандық мектептерде дәстүр бойынша 25 мамырда соңғы қоңырау соғылады.
"Ештеңе өзгермесе, 25 мамырда мектеп оқушыларына арналған соңғы қоңырау рәсімі дәстүрлі форматта өтеді деп жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов.