KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

ШҚО-да бірінші сыныпқа құжат қабылдау маусымда басталады

18.05.2020, 11:32 80

Шығыс Қазақстан облысында 1 маусымнан бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады. Бұл туралы білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өтініш берудің екі жолы бар. Біріншісі – электрондық жүйе арқылы. Ол үшін ата-аналар vko.ddo.kz сайтына кіріп, порталға ЖСН арқылы тіркеліп, өтінішті ресімдеп, сканерленген құжаттарды (баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 және 063/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат, 3:4 екі фотосурет) жүктеуі керек. Интернет-ресурс аптаның жеті күнінде тәулік бойы жұмыс істейді. Екінші жол – құжаттарды мектепке апарып беру.

– Енді мекенжай анықтамасын өткізудің қажеті жоқ. Әр мектеп учаске бойынша өтінімді қабылдауға міндетті. Сондай-ақ баланы бос орын болған жағдайда тұрғылықты мекенжайынан басқа аудандағы мектепке беруге болады, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив