Интернеттің жылдамдығына әкім араласты
Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында балалар қалай білім алып жатқанын, қандай да бір мәселе бар ма екенің білу үшін Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев жұмыс сапарымен болып қайтты.
Шамамен осыдан бір жарым ай бұрын тұрғындар ауылда интернеттің жоқтығын алға тартып, кедергі туындағанын жеткізген болатын. Мәселені шешу үшін бюджеттен әкім қаражат бөліп, интернет орнатты. Бірақ мәселе мұнымен бітпеген.
- Бұл жолғы халықпен кездесуімде, осы интернеттің жылдамдығының бәсең екенін айтты. Мәселені шешу үшін арнайы тапсырма бердім. Әлбетте, заман талабы болғандықтан тұрғындар интернетке қол жеткізіп, ризашылығын білдірді, - деп жазды аудан әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, қазір Тарбағатай ауылдық округінде ЖОО-да 64 бала, орта арнаулы оқу орнында 11 бала, жалпы білім беру мектебінде 331 бала оқып жатыр.