Нұр-Сұлтан мен Алматыда кәсіпорындар жұмысын тоқтатады
30 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы түрлі кәсіпорындар мен мекемелер жұмыстарын тоқтатады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Коронавирус инфекциясының таралуына шектеу қою мақсатында мемлекеттік комиссия 30 наурыздан 5 сәуірге дейінгі аралықта Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы барлық кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысын тоқтату туралы шешімді бекітті. Бұл тізімге орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқыққорғау органдары, денсаулық сақтау мекемелері, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ететін мекемелер кірмейді. Толық тізім қалалық әкімдіктермен келісілгеннен кейін беріледі», - деп жазылға баспасөз хабарламасында.