KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Даниал Ахметов түнгі уақытта облыс орталығына рейд жүргізді

5.04.2020, 05:17 251

Өскемен қаласына 5 сәуір күні түнгі уақытта облыс әкімі Даниал Ахметов рейд жүргізді.

– Өкінішке қарай, қала тұрғындары көшеде көп жүр. Көліктер де ағылып жатыр. Бұл төтенше жағдай режиміне қайшы құбылыс. Ертең мұндай картинаны көргім келмейді. Вирус тәртіп сақтауды қажет етеді. Сол себепті, Өскемен мен Семей тұрғындарынан тәртіп сақтауды сұраймын. Шектеуімізге түсіністікпен қараңыздар. Біз біріксек қана індетті жеңеміз, – деді Даниал Ахметов.

Еске сала кетейік, облыс әкімінің өкіміне сәйкес 2 сәуірден бастап төтенше жағдай режимі мерзімінің соңына дейін Өскемен мен Семейдің аумағына кіріп-шығу шектелгені белгілі. Ал 6 сәуірден бастап қала ішіндегі қозғалыс шектеледі.

Жүргіншілер арнайы рұқсаттамамен дүкен, дәріхана және банкке ғана бара алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив