KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да онлайн өткен келіндер байқауы мәреге жетті

15.05.2020, 06:16 271

Шығыс Қазақстан облысында «Аяулы жас келін» онлайн байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл байқау Өскемендегі жастар орталығының мұрындық болуымен дәстүрлі түрде өтіп келеді. Алайда бұл жылы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты сайыс онлайн форматқа көшкені туралы өткенде жаздық. Байқау аяқталды.

Бас жүлдені Абай ауданының келіні Назгүл Толымбекқызы жеңіп алды. Екінші орында – катонқарағайлық келін Әсем Нұрсапарова. Жүлделі үшінші орын өскемендік Зәуре Мырзағалиге бұйырды.

Сондай-ақ Тарбағатай ауданының келіні Мөлдір Қамзаева «Инабатты келін», үржарлық келін Мақпал Туғанбаева «Қолынан бал тамған», Глубокое ауданының келіні Айгүл Сахаргалиева «Парасатты келін» аталымдарына ие болды.
Жүлдегерлер карантин режимі аяқталған соң, облыс орталығында марапатталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив