Қазақстанда төтенше жағдай кезінде 50 мыңға жуық сәби өмірге келді

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде 50 мыңға жуық сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Елімізде төтенше жағдай кезінде, яғни 16 наурыздан 11 мамырға дейін 49 171 бала өмірге келді. Осы уақыт аралығында 2 875 неке тіркелген екен. Айта кету керек, карантин жарияланған елді мекендерде некелесуге онлайн өтінім беруге жағдай жасалды.
Сондай-ақ сәуір айында Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшері артты. Енді АЕК – 2 778 теңгеге тең (бұрын 2 651 теңге болған). Осыған байланысты түрлі құжаттарды ресімдеу құны да өзгерді.
Оқи отырыңыз