Қадір түнін мешітте қарсы алуға бола ма – ҚМДБ жауабы
18 мамырдан бастап қазақстандықтарға мешітке кіруге рұқсат берілген. Ал Қадір түні мамырдың 19-нан 20-сына қараған түні кіреді. Алайда мұсылмандарға Қадыр түнін үйде қарсы алуды ұсынып отыр.
18 мамырдан бастап елдегі мешіттер барлық санитарлық норманы сақтай отырып ашылады. Алайда талап бар: жалпы алаңның 30%-ін толтыруға рұқсат берілген.
- Біздің имамдар күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Келушілерді кезең-кезеңмен кіргіземіз. Мысалы, Құран оқуға арналған бөлмеде бір мезгілде оннан артық адам болмауы керек. Жалпы залға имамдар адамдарды топ-тобымен кіргізетін болады,- деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Осылайша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бесуақыт намаз, жұма намазы, тарауих намазы әзірге мешітте оқылмайтынын мәлімдеді. Мешіттердің есігі жеке дұға жасау үшін, Құран оқу және діни неке рәсімін өткізу үшін ашылады.
- Жыл сайын Қадір түнінде мешітте адам көп жиналады. Ал биыл Қадір түнін үйде өткізуді ұсынамыз, - деді ҚМДБ.