Бас имам: "Шығысқазақстандықтар Қадір түнін биыл мешітте өткізе алмайды"
![](/kz/uploads/posts/iblock/309/309daf9d813fd1631071f5274d638c5f.jpg)
Елдегі пандемиялық жағдайға байланысты биыл шығыс қазақстандықтар Қадір түнін мешітте өткізбейтін болды. Бұл туралы ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша бас имамы Ермек Мұқатай баспасөз конференциясында мәлім етті.
Конференция барысында бас имам елдегі індеттің алдын алу мақсатында биыл Қадір түнін отбасымен бірге үйде өткізу туралы кеңес берді.
-Бүкіл әлем ауыр сынақты бастан кешіп жатыр. Індет еліміздегі кейбір діни шаралардың өтуіне айтарлықтай кері әсерін тигізді. Десек те, вирусты біз бірге жеңуіміз керек. Ол үшін шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Пандемиялық жағдайға байланысты биыл Қадір түнін мешітте өткізбейтін болдық. Сондықтан онлайн уағыз айту іс-шараларын өткізетін боламыз, - деді бас имамы Ермек Мұқатай.