KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

«GGG әлі де қауіпті». Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

14.05.2020, 06:28 89

Орта салмақта WBA «уақытша» чемпионы британиялық кіші Крис Юбенк (29-2, 22 KO) орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы рингке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.  

«Маған атақты адамдар керек, белбеу керек. Бір жылдан аса уақыттан бері қалайтыным – осы. Қазір мен дайынмын. Жаттығып жүрмін. Дәл қазір мен Геннадий Головкинмен қуана жұдырықтасар едім. Бұл өте тартысты жекпе-жек болар еді. Ол әлі де өте қауіпті боксшы. Ол «Канеломен» жекпе-жектерінің бірінде жеңді деп ойлаймын. Тәжірибесі мен күш-жігерін ескере отырып, GGG сияқты боксшыны бағаламауға болмайды. Мен онымен бірнеше жыл бұрын жұдырықтасуға тырысқанмын, бірақ ол Келл Брукпен кездескен болатын. Бұл жекпе-жекті менен тартып алды және оған қатты өкінемін, – деген екен Юбенк Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, екі тарап 2016 жылы жекпе-жек өткізуге жақын болған, бірақ соңғы сәтте келісе алмай қалған еді.   

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу