KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Карантинде уақыты өтіп кеткен құжаттарды қай күнге дейін жасатып үлгеру керек?

19.05.2020, 05:45 209

ШҚО-да 17 мыңға жуық облыс тұрғынының жеке куәлігі, 4 мыңнан астам азаматтың жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен.

Енді олар 10 шілдеге дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгініп, қайта жасатулары қажет.

Төтенше жағдай режиміне байланысты тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе жүргізуші куәліктерін ресімдеуге мүмкіндіктері жоқ болғаны белгілі. Осыған байланысты құжаттардың қолданылу мерзімі ТЖ кезінде аяқталған тұрғаларға карантин аяқталғаннан кейін 60 күнтізбелік күн ішінде қандай да бір әкімшілік санкциялар қолданылмайды. Алайда 10 шілдеге дейін өтініш беріп қою қажет.

ШҚО Полиция департаменті жеке басты куәландыратын құжатты жаңа үлгідегі құжатқа ауыстыру немесе жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет болған жағдайда қызметті электрондық үкімет Egov.kz порталы арқылы алуға болатынын тағы бір ескертеді. 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив