KZ
Өскемен
-3°
туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Соғыста қаза тапқан шығысқазақстандықтың медалі туыстарына қайтарылды

8.05.2020, 20:22 150

ШҚО-да Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған жауынгердің марапаты туыстарына қайтарылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Эстонияда жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында Абдулманат Таиповқа «Ерлігі үшін» берілген жауынгерлік марапаты табылды. Көп жыл жер астында жатқан медаль «Otsing»  эстондық әскери-тарихи клуб пен «ЛЕНПЕХ-ПЕТЕРГОФ» іздеу отрядының көмегімен Қазақстанға жеткізіліп, жауынгердің туыстарына табысталды.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында аймақ басшысы Даниал Ахметов табылған медальді Абдулманат Таиповтың інісі Ернар Мұратқазыұлына табыстап отыр.

Абдулманат Таипов майданға Мақаншы ауданынан шақыртылып, 282 атқыштар дивизиясының 3-ші ротасында командир болған. 1943 жылдың 6 маусымында ол жаудың траншеясына бірінші болып басып кіріп, олардың жасырынған орнын гранатамен талқандаған. Осы ерлігі үшін ол медальмен марапатталды.

- Біз атамыздың ерлігін мақтан тұтамыз. Отбасымыз оны құрмет еске алады. Осы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай оның табылған медалін бізге табыстағанына өте қуаныштымыз. Осы күнге дейін атамыз із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында болатын. Енді оның 1944 жылы ұрыс кезінде қаза тапқаны анықталды. Бағалы жәдігерді көзіміздің қарасындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа табыстаймыз, - деді Ернар Мұратқазыұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив